Аудан әкімінің орынбасарлары

Мұңайтбасов Марат Әлібекұлы / 1957 ж.т. Шалқар ауд. / 1974 ж. орта мектепті бітірген. Семей обл. Шұбартау ауд. Жастарының бастамасымен құрылған қой өсіруші комсомол-жастар бригадасында қызмет атқарған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Шалқар ауд. «Жаңа қоныс» кеңшарында жұмысшы, комсомол ұйымының хатшысы болды. 1981 ж. Шалқар ауд. Комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1982 ж. бірінші хатшысы болып сайланды. 1986-89 ж. Шалқар ауд. «Бершүгір» кеңшарында партия комитетінің хатшысы, 1989-90 ж. аудандық партия комитетінің жауапты қызметкері, 1990-2008 ж. Шалқар аудандық салық инспекциясының бастығы. 2008 жылдан Темір аудандық салық басқармасының бастығы. «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен / 2001, «Қазақстанның Республикасы салық қызметінің үздігі» / 2005 / атағымен марапатталған. 2012 жылдың тамыз айының 4 жұлдызынан бастап аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Қабылдау бөлімі: 8 (71346) 2-23-66
Әкім орынбасарының функционалдық міндеттері:1. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы;2. Ауданның құрылыс кешенін дамыту;3. Отын энергетика кешені;4. Тұрғын үй-комуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары;
5. Көлікті бақылау;6. Су ресурстарын пайдалану;7. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою;8. Ауылшарушылық, агроөнеркәсіп кешенін дамыту;9. Ветеринария;10. Қоршаған ортаны қорғау;
11. Тұрғын үй комиссиясына басшылық жасау;
Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы 1986 жылы 15 сәуірде дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2005 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжін «Салық қызметші» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы «Алия-МБ» ЖШС-нің есепші-бухгалтері болып бастаған;
2003-2009 жылдар аралығында Темір ауданы бойынша салық комитеті, әкімшіліктендіру және ақпараттық технология бөлімінде көмекші, Темір ауданы бойынша салық комитетінің аудит бөлімінің бас маманы, Салық төлеушілермен жұмыс және ақпараттық технология бөлімінің бас маманы, Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының дәрменсіз борышкерлермен жұмыс және өндіру бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған;
2009-2013 жылдар аралығында Темір ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары, 2013-2018 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
2019 жылдың 1 ақпанында Темір ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қабылдау бөлімі: 8 (71346) 2-24-95
Әкім орынбасарының функционалдық міндеттері:
1) Қаржы, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншік, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру;
2) Кәсіпкерлікті дамыту, сауда, қоғамдық тамақтандыру, бизнесті дамыту бағдарламаларын іске асыру
3) Отбасы және гендерлік саясат;
4) Мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларын сараптау;
5) Ауданда инфляцияға қарсы саясатты іске асыру, бағаға басшылық жасау;
6) Көші-қон және демографиялық саясатын іске асыру;
7) Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу;
Жанайдаров Жасұлан Төремұратұлы - 1978 жылы 27 ақпан күні Ақтөбе облысы Темір ауданының Жамбыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000-2002 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медициналық Академиясының аға оқытушысы болып бастаған; 2002-2008 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы «Әлеуметтік ғылым кафедрасының» оқытушысы, «Табиғи ғылымдар пәндері кафедрасының» аға оқытушысы және Жастар ісі жөніндегі Комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған;2008-2017 жылдары Ақтөбе қаласы ғылыми-әдестемелік орталығы директорының орынбасары, «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі», «Қалалық жас туристер станцасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындарының директоры;2017-2018 жылдары Ақтөбе қаласы «М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде» директор, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы» директорының орынбасары қызметтерінде болды.2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары міндетін атқарып келді. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Темір ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қабылдау бөлімі: 8 (71346) 2-32-16
Әкім орынбасарының функционалдық міндеттері:1. Ішкі саясат, ұлттық және жастар саясаты;2. Білім , денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт;3. Мемлекеттік тілдер, ономастика;4. Мемлекеттік рәміздер, геральдика;
5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;6. Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама;7. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер (ұйымдар);8. Ардагерлер және кәсіподақ ұйымдары;9. Бұқаралық ақпарат құралдары;10. Дін және діни конфессиялар;11. Тероризм мен діни экстремизм, нашақорлықтың алдын алу;12. Кәмелетке толмағандардың және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы жұмыстарын үйлестіру;13. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;14. Әлеуметтік саяси процестерді және ұлтаралық қарым-қатынасты зерттеу;15. Халықты әлеуметтік қорғау;