Мәдениет

"Қазақ мәдениеті барлық Қазақстан халқының мәдени қауымдастығын өз маңайында шоғырландырудың діңгегіне айналуы тиіс. Біздің мәдениет аймақтық құбылыс қана емес, Шығыс-Батыс ғаламдық мәдениетінің ажырамас бөлігі".
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 28 мәдени мекеме, оның ішінде 14 клуб мекемесі, 13 кітапхана, 1 мұражай жұмыс жасайды. Елбасымыз мәдениетті тұрақты қолдауы мақсатында Қазақстанның мәдениеті, мазмұны жағынан түрленіп, сапалы өзгерістермен ерекшеленді. Жастар – біздің болашағымыздың негізі - өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді деп Елбасымыз жастарға сенім арттырып, жастардың болашағы үшін жаңа мүмкіншіліктер туғызуда. Соның бірі «Дипломмен ауылға медиа» жобасы болып табылады. Аудандық мәдениет үйі кітапхана ұжымымен бірлесе отырып «Ұлт құндылықтары» танымдық кеш, Алтықарасу мәдениет үйінде «Рәміздерім мақтанышым» тақырыптық кеш, Темір қалалық клуб үйінде «Мемлекеттік рәміздер» қызметкерлер арасында сайыс, Тасқопа клуб үйінде «Рәміздерім танытқан алаш атын» тақырыптық кеш,Қайыңды клуб үйінде «Елтаңбасы елімнің-мақтанышы жерімнің» әдеби музыкалық кеш, т.б. мәдени шаралар ұйымдастырылды. 2011 жылдың аяғында төмендегідей өнерлі ұжымдар «Халықтық», «Үлгілі» атақты қорғады. Атап айтар болсақ балалар саз мектебі жанынан құрылған «Ару аналар» хоры, Тажигуловтардың «Гүлжазира» жанұялық ансамбілі, Копа елді мекенінен Байдышевтардың жанұялық ансамбілі «Халықтық» атақты қорғаса, №4 орта мектептің жанынан құрылған «Алтынай» бишілер тобы, Темір қалалық клуб үйі жанынан құрылған «Шаттық» бишілер тобы «Үлгілі» атақты қорғады. Аудандық мәдениет үйі мен оған қарасты мәдени ошақтарға өткізілген мәдени шаралардың саны - 578.
Аудан бойынша кітап қоры 131549, оқырман саны 11585, жанадан келген кітап саны - 1624, оның 1475 қазақша. Мерзімді баспасөзге жазылу кітапханалардың ақпараттық қорын қалыптастыруда ерекше орын алған, 2012 жылы 1 млн.600 мың теңге газет журналдарға жазылды. Кітапхананың тұрақты кітап көрмелері «Тарихым – тұнған шежіре сыр шертеді төгіле», «Қазақстан – елім менің», «Елбасы жолдауы – дамудың жаңа межесі», «Мәдени – тарихи мұра – ұлттық игілігіміз», «Тіл елімнің тірегі», «Жаңа кітаптар». «Үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауының ережесіне сәйкес Кеңқияқ модельді ауыл кітапханасы қатысты. Ұлттық кітапхананың Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе «РАБИС» бағдарламасының «Катологизатор», «Іздестіру – тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жасауда. Кітапханадағы катологтік жәшіктердегі карточкалар арқылы іздестіру жолын автоматтандырылған ақпараты Электронды католог тәртібі бойынша іздестіру тәсілімен алмастырды. Ауданда тарихи-өлке тану мұражайы 2005 жылдан бастап жұмыс жасайды.Темір ауданының мұражайы жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп келеді. Әсіресе ғылыми зерттеу, құнды жәдігерлерді іздестіру бағытында қыруар жұмыс атқарылды. Досжан ишан діни-тұрғын кешеніне Ш.Уәлиханов атындағы ТЭИ-ның (Тарихи Этнологиялық Институт) қызметкерлерімен бірлесіп қорымның және мешіттің сызбалары (қорымдағы жекелеген ескі құлыптастардың және мешіт жобасымен жармасы) салынып, фото-бейне аппараттарына бейнелері түсіріліп, мұражай қорына тапсырылды.
Мәдениет – ұлт қазынасы. Ол бір орында тұрмайтын мәңгілік жасарып,жаңғырып отыратын құндылық. Сол құндылықтың өлмеуі, өркендеуі, өсуі бізге байланысты.