Ақпарат

2016 жылы Темір ауданының халық саны – 37702, оның ішінде жастар саны – 9019 жастар, 23,9% пайызды құрайды. Мектеп оқушылары – 1912, студенттер – 1713, жұмыспен қамтылғаны – 5051, жұмысы жоқтар – 185, бала күтімінде – 75, әскер қатарында – 83.
Мақсаты: жастардың барлық санаттарымен мекен-жай бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жастарды қолдау және дамыту бағытында ақпараттық, психологиялық, заңгерлік, құқықтық қызметтерді ұсыну, жастар ұйымдарымен тығыз байланыс орнату арқылы олардың азаматтық бастамаларын қолдау және белсенділігін арттыру барысындағы жұмыстарды үйлестіру, өмірдің қиын жағдайына тап болған, бақылаусыз және қараусыз қалған жастарға, мүмкіндігі шектеулі жастарға, жас отбасыларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жас азаматтарға психологиялық көмекті қамтамасыз ету.
2016 жылы барлығы 97 іс - шара (оның ішінде: кездесу, дөңгелек үстелдер – 31, акция – 5, спорттық – 7, флешмоб – 3, мәдени-танымдық – 12, форум – 2, семинар-тренинг – 2, өзге шаралар - 35) өткізіліп, оған 10972 жас қатысты.