Экономика

Ақтөбе облысының Темір ауданы – соңғы уақытта өнеркәсібі дамып, экономикасы өрлеп келе жатқан аудандардың бірі. Жер қойнауы мұнай, газ, көмір пайдалы қазбаларға бай.
Ауданның өндірістік кәсіпорындары: «СНПС – АқтөбеМұнайГаз» акционерлік қоғамының Кенкияк мұнайгаз өндіру бюасқармасы және «Фирма Ада Ойл» ЖШС, «Сайғақ Қазақстан Б.В.» компаниясы, «КМК Мұнай» АҚ.
Темір ауданының 01.01.2012 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі параметрлері
Өндірісте 209306,2 млн. теңге өнім өндірілді.
Ауылшаруашылық өнімінің көлемі 7893,9 млн.теңгені құрады.
Жеке тұрғын үйдің салынуы 14636 кв.м
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4183,5 млн. теңге немесе 111,5 пайызды құрайды.
Бөлшектік тауар айналымының көлемі 683,4 млн.теңгені немесе 14,3% құрады, бұл өнірде сұранысының артуын көрсетеді.
Халықтың айлық табысы 75589 теңге немесе былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,4 пайызды құрады.
Негізгі капиталға инвестицияның түсуі 32736,4 млн. теңге немесе 95,0 пайызды құрады.
Жергілікті бюджеттің түсімі 2286,1 млн.теңге немесе 124,5 пайызға өсті.
Жеке кәсіпкерлердің тіркелген саны 1269 бірлік, оның ішінде жұмыс жасайтындар саны 1112 бірлік.
Шағын кәсіпкерліктен салыққа түскен түсімі 954,8 млн.теңге немесе 120,9 пайызды құрады.
Жаңа жұмыс орны 722 бірлік немесе 100,1 пайыз.
Тіркелген жұмыссыздықтар деңгейі 67 адам.
Жұмыссыздықтың деңгейі есеп бойынша барлық халық саны шаққанда 0,4 пайызды құрады.