Кадрлық қамтамасыз ету

Тәлімгердің жаднамасы
Сіздің алдыңызда қызықты әрі шығармашылық тұрғыда орындауды қажет ететін тапсырма тұр – жаңадан келген әріптесіңізге мемлекеттік органның жұмысымен танысуға, оған ыңғайлы және достық қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыруға көмек көрсету.
Жаңа жұмыс орнына көшу - бейімделу кезеңін қажет етеді. Олай болса, тәлімгердің міндеті қызметшіге жаңа ұжымда өзін еркін ұстауға көмектесу, жаңа лауазымға тағайындалуына байланысты ұйымдастырушылық және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қызметшіге лауазымдық мінддеттерін орындау үшін қажетті тәжірибе мен білім беру.
Тәлімгер – бұл жаңа қызметшінің мемлекеттік органдағы алғашқы айларында қатар жүріп, бейімдеу міндеті жүктелген бөлімнің тәжірибелі қызметшісі немесе тікелей басшысы.
Ұсыным-кеңестер:
ü жаңадан келген әріптесіңізге Сіздің құрылымдық бөлімшедегі қалыптасқан қарым-қанытас нысаны туралы айтып беріңіз;
ü қызметшіге мемлекеттік орган туралы, Сіз қызмет атқарып отырған құрылымдық бөлімше туралы, мекемеде мемлекеттік қызметті өткерудің ерекшеліктері туралы баяндап беріңіз. Әсіресе, соңғысы мемлекеттік қызметке алғаш рет келген қызметшіге қызық болатыны сөзсіз.
ü мемлекеттік органның ресми сайтының бөлімдерімен таныстырыңыз, онымен жұмыс жасауды үйретіңіз.
ü жаңа қызметшінің жеке басына қызуғышылық танытыңыз, одан бұрынғы жұмыс орны, отбасы, жетістіктері мен білімі туралы сұраңыз.
ü қызметшіге оның куәлігі немесе рұқсатнамасы рәсімделіп болғанша оның мемлекеттік орган ғимаратына кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасаңыз;
ü қызметшіге алғашқы тапсырмаларды берген кезде олардың орындалуы туралы сұраңыз, қиындық туындаған жағдайда көмек көрсетіңіз;
ü жаңадан келген әріптесіңізге тілектестік білдіріңіз, оның қойған барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болыңыз, шыдамдылық пен ізеттілік танытыңыз;
ü есте болсын, Сізге мемлекеттік органға қызметшіні бейімдеу бойынша жауапты қызмет жүктелген, сондықтан қызметшінің ұжымға сіңіп, белгіленген сынақ мерзімінен сәтті өтуі тек Сізге ғана байланысты болатынын білгеніңіз жөн.
Тәлімгердің кодексі
1. Өзіңіздің кәсіби және мәдени деңгейіңізді үнемі көтеріңіз.
2. Үлгі болыңыз. Қызметшіден талап ететін тапсырмаларды өзіңіз де біліп, істей алуыңыз керек.
3. Қызметшінің емес, үйрету процессінің басшысы болып табылатытын ұмытпаңыз.
4. Қызметшімен бір деңгейде сөйлесіңіз.
5. Мемлекеттік орган және басшылық туралы дөрекі сөйлемеңіз. Мемлекетке қатысты ниеттестік білдіріңіз.
6. Тапсырмаларды нақтылап, оларды дұрыс қоя біліңіз.
7. Қызметшілердің жеке қасиеттері мен олардың кемшіліктері туралы әріптестер арасында сөз қылмаңыз.
8. Нәтижелерді талдап, оларға түзету енгізе біліңіз.
9. Жұмыс уақытын дұрыс жоспарлай біліңіз.
10. Үйретудің әртүрлі тәсілдерін қолданыңыз. Көбірек тәжірибе!
11. Өз жұмысыңызды атқаруға шығармашылық тұрғыдан келіңіз.
12. Үнемі оң болсын, теріс болсын қайта байланыс беріңіз.
13. Қызметшінің жеке басын емес, оның атқарған жұмысын бағалаңыз.
14. Қызметші орындаған жұмыс мақтарлықтай болса, мақтаңыз.
15. Қызметшінің пікірін құрметтеңіз.
16. Өзіңіздің қателіктеріңізді мойындаудан қорықпаңыз.
17. Қызметшіге пайда болған қиындықтарға төтеп беруге көмектсіңіз.
18. Сіздің көңіл-күйіңіздің қызметшінің жұмысына әсер етпеуін қадағалаңыз.
Тәлімгерліктің міндеттері:
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби және лауазымдық бейімделуіне және лауазымдық міндеттерді орындау кезінде туындаған кәсіби қиындықтарды жеңуде көмек көрсету;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби білім мен дағдылардың қалыптасу және даму процесін оңтайландыру;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби қалыптасу және даму үрдісін жылдамдату, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес оларға жүктелген функционалдық міндеттерді сапалы және жоғары жауапкершілікпен орындау қабілетін дамыту;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында кәсіби - әдептілік принциптеріне, қызметтік тәртіп ережелеріне, сонымен қатар, заңнамада бекітілген талаптарға сәйкес кәсіби дағдылардың қалыптасуына ықпал ету;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшіге өзбетімен және әріптестермен жұмыс жасаудың тиімді нысандары мен әдістерін үйрету, оларға жүктелген қызметтік міндеттерін өзбетімен және сапалы орындау қабілетін дамыту, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында келесі жеке қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету: жоғары түсінік, тәртіптілік, еңбек сүйгіштік, қызметке шынайы берілгіштік, өз ісіне және жүктелген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіну, әріптестермен, азаматтар және басқа да тұлғалармен мейірімділік және сыйластық қарым-қатынаста болу;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымды қалыптастыру, қызметке деген жауапты және саналы қатынасты дамыту.
Тәлімгердің міндеттері:
ü тәлімгерлік бойынша жұмыс жағдайы үшін, сондай-ақ оларға қойылған міндеттерге сәйкес қызметші жұмысының қорытынды нәтижелері үшін дербес жауапты болады;
ü қызметшінің бейімдеу жоспарын орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады;
ü қызметшіге таңдалған мамандықты игеруге көмектеседі, оған қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді, жіберілген қателерді анықтап, бірлесіп талдайды және жояды;
ü қызметшіге қызметтік істі тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ қойылған міндеттерді өздігімен шешудің оң үлгісі болып табылады;
ü қызметшіні ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттейді, жалпы мәдени және кәсіби зерденің дамуына көмектеседі, патриотизмге тәрбиелейді;
ü қызметшінің жігерлігін, іскерлік және рухани қаиеттерін, оның жұмысқа, ұжымға, азаматтарға көзқарасын, сондай-ақ оның құштарлықтарын, дағдыларын, бос уақытта қатынасу тобын зерделейді;
ü қызметшіге қиыншылықтардан өтуге, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде моральдық-психологиялық тұрақтылығын күшейтуге көмектеседі;
ü қызметшінің тәртіп пен заңдылықты бұзуын болдырмау бойынша уақытылы шаралар қолданады;
ü қажеттілік болған жағдайларда қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына оған тәрбиелік және тәртіптік әсер ету шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізеді.
Тәлімгердің құқықтары:
ü жұмыс бабына қатысты сұрақтарды талқылауға қатысуға, тәлімгерлік бекітілген қызметшіні көтермелеу жөнінде бөлім басшысына ұсыныс енгізуге, тәрбиелік және тәртіптік шараларды қолдануға, сондай-ақ басшының шешімін қажет ететін басқа да сұрақтарды талқылауға қатысуға;
ü қызметшіні ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын ұстауға шақырады, кәсіби және жалпы мәдени дамуына ықпал етеді, патриотизмді дарытады;
ü қызметшінің сәйкес жұмыс орнымен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілуін қадағалайды, қызметке қажет жағдай жасауға ықпал етеді.
Тәлімгерлік міндеттерін қажет деңгейде орындамағаны үшін тәлімгер тәлімгерлік қызметінен босатылуы, сондай-ақ белгіленген тәртіпте тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Тәлімгерлік бекітілген қызметшінің міндеттері:
ü оған берілген тапсырмаларды орындайды, бейімделу жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;
ü өзінің тәлімгерінен көмек сұрай алады;
ü өзінің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарлатуға, дағдылары мен қабілеттерін дамытуға, білім алуға күш салады;
ü ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;
ü тәлімгерден жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін қабылдайды;
ü лауазымдық міндеттерін орындауда тәлімгердің ұсынымдарын басшылыққа алады.
Тәлімгерлік бекітілген қызметшінің құқығы:
ü құрылымдық бөлімшедегі қызметтік, нормативтік, ғылыми методикалық құжаттарды қолдануға;
ü тәлімгерден қызмет барысында пайда болған сұрақтар бойынша кеңес алуға;
ü тәлімгермен жеке байланысты орната алмаған жадайда құрылымдық бөлімшенің басшысына оны ауыстыру жөнініде өтініш жасауға.
Тәлімгердің тиімді қызметінің нәтижесі болып келесілер табылады:
ü тәлімгерлік өтіп жатқан тұлғалармен лауазымдық міндеттерінің орындалуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді практикалық тұрғыда үйрену және қолдану, қызмет ету барысында үйренген теориялық білімін қолдана білу;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшінің лауазымдық міндеттерін орындау және шешім қабылдауда дербестілігі;
ü жұмыс бабымен байланысты тапсырмаларды орындау барысында тәртіптілік және орындаушылық.
Тәлімгерлік қорытындысы:
Қызметші тәлімгерлік мерзімі аяқталғаннан кейін жеке жоспарының орындалуы, басқа орындалған тапсырмалар, тәлімгерлік кезеңінде алынған білімдері мен дағдылары, тәлімгерлікті ұйымдастыру жөнінде ескертулер мен ұсыныстар туралы есеп дайындайды.
Қызметшінің есебі оның жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына ұсынылады.
Тәлімгерлік аяқталуы бойынша тәлімгер қызметшіге қызметшінің лауазымдық міндеттерінің орындалу нәтижелері, оның білімінің деңгейі, шеберлігі мен дағдыларының дамуы, қызметтік міндеттерін өзіндік орындау қабілеті, қызметтік құжаттамаларды дайындау сапасы көрсетілетін пікір дайындайды.
Пікір қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына ұсынылады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметшінің есебі мен тәлімгердің пікірін тәлімгерлік аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тәлімгерлер кеңесіне ұсынады.