Спорт

Ауданда дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға аса зор көңіл бөлінеді. Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша Республикалық бұқаралық спортты дамыту жөніндегі ҚР Президенті мен үкіметінің жарлықтарымен, шешімдерін және қаулыларын орындауда салауатты өмір салтын насихаттауда, оқушыларды тұрақты спортпен айналысуға тартуда, спорт шеберліктерін көтеруде, спорт түрлері бойынша командаларды және шебер спортшыларды анықтау мақсатында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде аптасына бір рет өткізілетін аудандық бұқаралық көпшіліктік іс – шаралардың жоспары құрылып, Темір ауданына қарасты барлық елді мекендерде өткізілуде. Қыркүйек айынан бастап аудан бойынша «Денсаулық фестивалі - 2012», Футболдан оқушылар арасында жарыс, білім беру қызметкерлері арасында футболдан «Жасыл алаң – 2012» турнирі, пионерлік төртсайыстан 1 – 4 класс оқушылар арасындағы аудандық жарыс, жеңіл атлетикалық кросстан оқушылар арасындағы аудандық жарыс, үстел теннисінен оқушылар арасындағы аудандық жарыс, шахматтан және дойбыдан оқушылар арасында аудандық жарыс, тоғызқұмалақтан оқушылар арасында аудандық жарыстар өткізілді. Ауданда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 – маусымдағы №744 «Қазақстан Республикасының халықтық дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары» туралы қаулысына сәйкес 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында аудан тұрғындары арасында Президенттік сынамалар айлығы өткізілді. Аудан бойынша 116 адам президенттік деңгейді орындап, 203 адам ұлттық деңгейді орындап отыр. Ауданымызда спортпен айналысушылардың саны 2011 жылдың соңында 6339 болса, қазіргі таңда 7862 адам, яғни 22 пайызды құрап отыр. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында спорт секцияларына, спорттық үйірмелерге оқушыларды көптеп тарту жыл бойына жалғасып отырады.