Ереже

Темір ауданы әкімдігінің 2012 жылғы
« » желтоқсандағы №
қаулысымен БЕКІТІЛДІ
«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес аумақта басқару және бақылау функцияларын орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мынадай бөлімдері бар:
1)Құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімі;
2)Ұйымдастыру құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімі;
3)Қаржы және шаруашылық бөлімі.
3.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 030800, Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кенті Желтоқсан көшесі №8.
10.Мемлекеттiк органның толық атауы – «Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттiк мекемесi.
11.Құрылтайшысы «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
12.Осы Ереже «Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру республикалық, облыстық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.
14.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Темір ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Темір аудандық әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2.Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару Заңына сәйкес аудан әкімінің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
16.Мiндеттерi:
1)Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс пен аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларын орындау үрдісіндегі аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
2)Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс пен аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;
3)облыс әкімінің аппаратына Мемлекет басшысы мен Үкіметтің кесімдері мен тапсырмаларының орындау барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
4)әкімдік отырыстарды, әкімдегі және оның орынбасарларындағы, аудан әкімі аппаратының жетекшісіндегі кеңестерді әзірлеуді ұйымдастыру;
5)әкімінің жергілікті өкілетті және аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен, саяси партиялармен және қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктенмен іс-әрекетін ұйымдастыру;
6)аудан әкіміне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрылымы, құрылуы, таратылуы және қайта құрылуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
7)аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен ұйымдар кадрларымен жұмысты ұйымдастыру;
8)аудан әкімінің іс қағаздарын жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, құжаттар айналымын талдау;
9)қызмет бабындағы құжаттарды, хаттар және арыз-шағымдарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
10)әкімінің және оның орынбасарларының қызметін қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
11)аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;
12) аудан әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олардың әкіммен қарым қатынасын ұйымдастыру;
13)аудан әкімінің тапсырмасы бойынша, соттарда мемлекеттік мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық қадағалау актілерін қарау;
14) мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын бақылау;
17.Функциялары:
1)«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
- ауданның мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпараттық материалдарды пайдалану;
- аппараттың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізу;
- аудандық әкімдігінің қаулылары және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына сараптама жасау;
- мүдделі мемлекеттік органдармен бірге аудан әкімі мен аудандық әкімдіктің кесімдерінің жобаларын келісудің бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін қайтару;
- әкімнің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
- Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, және облыс, аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуын тексеру жүргізуге қатысу;
- заңмен белгіленген тәртіпте аудан әкімі тағайындайтын немесе оның келісімімен тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
- аудан әкімдігіне есеп беретін алқалы органдардың отырыстарына қатысу;
- аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін шақыру;
2) бөлімдерінің функциялары:
Аудан әкімінің іс-қағаздарын жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, құжаттар айналымын талдау, құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау және жұмыстарын үйлестіру;
Ұйымдастырушылық, құқықтық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілердің, кадр жөнінде жұмыстарын жүргізу;
Қаржы және шаруашылық жұмыстарын жүргізу.
18.Құқықтары мен мiндеттерi:
1)заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға;
2)оралымды басқаруында оқшауланған мүлікті, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
3)сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
4)Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.
3.Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
19.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Темір ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат жетекшісі жүзеге асырады.
20.Аппарат жетекшісін аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сондай-ақ аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат қызметкерлерін сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21.Жетекші аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын жеке жауап береді.
22.Осы мақсатта жетекшісі:
1) бөлімдері туралы ережені бекітеді, олардың фунциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) бөлімдерінің өзара байланысын реттейді;
3) әкімге шешімдердің, өкімдердің, қаулылардың жобаларына қол қоюға және қарауға, сол сияқты, әкімге бағытталған құжаттар мен материалдарды ұсынады;
4)аудан әкіміне мемлекеттік бос әкімшлік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жөнінде хабарландырлар жариялау, көтермелеу туралы, тәртіптік жаза белгілеу және кадрларды қызметтен босату туралы ұсыныс енгізіледі.
5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
6)бұйрықтар шығарады және нұсқауларды бекітеді;
7)қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
8)мемлекеттік және басқа ұйымдарда аппараттың мүддесін білдіреді;
9) әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылау жасайды;
10)Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
4.Мемлекеттiк органның мүлкi
23.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
24.«Темір ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5.Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
27.«Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6.Филиалдар мен өкілдіктері туралы мәліметтер
28.Темір аудандық әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқығы бар.