Аудан әкімі

Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы 1963 жылы 23 тамызында Ақтөбе облысының Ойыл ауданы, Ойыл ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан облысындағы Ауыл шаруашылығы институтын "ғалым, агроном", 2008 жылы, Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы Ақтөбе облысы Исатай ауданы Ақыраб совхозының агрономы болып бастады. Қазақстан компартиясының Қобда аудандық комитетінің нұсқаушысы, бас агроном, ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, "Бестау" ЖШС-ның директоры болып еңбек етті. 2007 жылы Ақтөбе облыстық жер қатынасы басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін ҚР аймақаралық жер инспекциясы агенттігінің Ақтөбе облысы және Батыс Қазақстан облысы басқармасының бастығы болды. 2011 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі. 2016 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі.
Әкімнің функционалдық міндеттері.
1.Аудан әкімдігін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды басқарады. Орталық атқарушы органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің келісілген түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынас кезінде аудан мүддесін білдіреді.
3. Мәселелері:
1) әлеуметтік-экономикалық саладағы реформаларды тереңдету;
2) аудан дамытудың ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын іске асыру;
3) мемлекеттік инвестициялық саясат;
4) ұлтаралық қарым-қатынас;
5) аудан аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
6) кадр саясаты;
7) ауылдық округтері мен Темір қаласы әкімдерінің қызметтерін жалпы үйлестіру;
4. Аудан бюджетінің жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды және оның орындалуын бақылайды;
5. Қазынашылық, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметтерін жалпы үйлестіреді;
6. Прокуратура, арнайы қызмет, құқық қорғау және сот органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.