Жаңалықтар

24.01.2017
2017 жылғы 1 қаңтардағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау

«БЖЗҚ» АҚ 2016 жыл үшін салымшыларға (алушыларға) жыл сайынғы міндетті хабарлау науқанына дайындықты бастады. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат ақысыз негізде берілетінін, ал ақпарат алу тәсілін салымшының (алушының) өзі белгілейтінін естеріңізге сала кетейік.
2,6 миллионға жуық адам интернет байланысы (сайт арқылы немесе ENPF ұялы қосымша) арқылы өткен жылға үзінді көшірме ала алады. 2 миллионға жуық салымшы (алушы) пошта байланысы арқылы, оның ішінде 206 349 адам электрондық мекенжайына үзінді көшірме алады. Сонымен қатар әрбір салымшының (алушының) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға өзі барып, өтініш жасай отырып алуына болады.
Үзінді көшірмелер ЖЗШ ашу туралы өтініште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімде салымшы (алушы) көрсеткен мекенжайларға, оның ішінде электрондық мекенжайларға жіберілетінін айта кетейік.
Егер салымшы (алушы) тұрғылықты жерін ауыстырса және өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін бұл туралы Қорға хабарламаса, онда пошта арқылы жіберілген 2016 жылға арналған үзінді көшірмесі БЖЗҚ-ға қайтарылады. Мұндай жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес келесі жылға үзінді көшірмені жібермеуге құқылы болады.
23.01.2017
Темір ауданының әкімі тасқопалықтармен кездесті

Аудан әкімінің Тасқопа ауылында есепті кездесуі өтті. Аудан әкімі тұрғындарға ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен 2017 жылға арналған міндеттерді баяндады.
Сонымен қатар, ауыл әкімі Мәрзия Қожақова округте бір жылғы жасалған жұмыстарды тұрғындардың назарына ұсынды.
20.01.2017
Мемлекеттік қызметшілер мен өткен жиын

20 қаңтар күні аудандық әкімшілікте аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Е.Сатаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 Жарлығымен «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің аттестациядан өтуі жөніндегі Ережесін түсіндіру мақсатында жиын өтті. Жиынға аудандық және аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары, округ әкімдері, барлық мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Жиында аудан бойынша «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің тестілеуден өтуі туралы ақпарат беріліп, толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
19.01.2017
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауын өткізу бойынша қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 Жарлығымен «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің аттестациядан өтуі жөніндегі Ережесі бекітілді.
Осыған байланысты, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестациядан өтетін болады.
Аттестацияның мақсаты - мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейі мен атқарып отырған лауазымдарға сәйкестігін анықтау болып табылады.
Темір ауданы бойынша «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері / санаты – Е-1, Е-2, Е-R-1 /2017 жылдың ақпан айының 2-14 аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде тестілеуден және ақпан айының 16-ы мен сәуір айының 3 аралығында жоғарыда аталған санаттағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері облыс әкімдігінде әңгімелесуден, /санаты-Е-3,Е-4,Е-5,E-R-2,E-R-3,E-R-4,E-R-5,E-G-1,E-G-2,E-G-3,E-G-4 /мемлекеттік әкімшілік қызметшілері сәуір айының 4-11 аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде тестілеуден, сәуір айының 17-20 аралығында аудан әкімдігінде әңгімелесуден өтетін болады.
Мемлекеттік қызметшілердің санын ескере отырып, аттестаттау кезең-кезеңмен 3 деңгейде өткізілетін болады.
09.01.2017
Хабарландыру

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 20.07.2015 жылғы №3-1/671 бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы құрылымдарынан қаңтар айынан бастап құжаттар қабылдау жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
06.01.2017
Құрметті Темір ауданының тұрғындары 2017-жылы 13-қаңтар күні аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің тұрғындарды қабылдауы өтетіндігін хабарлаймыз!

06.01.2017
Хабарландыру

Аудан әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес жұмыс тобының
2017 жылдың І тоқсанына арналған Темір ауданында
азаматтардың өтініштерін қарау, түсіндіру және шешу жөніндегі
қоғамдық қабылдаудың жұмыс кестесі
30.12.2016
Темір ауданының әкімі Асқар Қазиханұлы Жүсібалиевтің Жаңа жыл мерекесіне орай аудан тұрғындарына арнаған құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары !
Сіздерді келе жатқан жаңа 2017 – Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Тарих қойнауына аттанған мешін жылымен қоштасып, жаңа тауық жылына қадам басқалы тұрмыз. Жаңа жыл – бәріміз ерекше көңілмен асыға күтетін айрықша мереке. Жаңа жыл елімізге елеулі жетістіктері мен игі істерге, жаңа бастамалар мен толағай табыстарға толы жыл болсын!
Өтіп бара жатқан 2016 жыл еліміз үшін жаңа табыстарға толы жыл болғаны белгілі. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. Ширек ғасырлық шежіреміз бізді мерейлі мемлекет ретінде әлемге танытты. Халықтың әл-ауқаты өсіп, мемлекетіміздің абыройы асқақтады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елімізде көптеген іс-шаралар өтті. Облыс, аудан көлемінде де бірқатар игі істер жүзеге асты.
23.12.2016
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

1. Бұрын үзінді көшірмені пошта арқылы алып тұрдым. Басқа жаққа көшіп кеткелі үзінді көшірме алмадым. Енді жинақтарым туралы ақпаратты қалай аламын? БЖЗҚ кеңсесіне қайта-қайта бара бермес үшін не істеуім керек?
Сіз БЖЗҚ-ға жаңа мекенжайыңыз туралы хабарламағансыз, сондықтан өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы жыл сайын берілетін үзінді көшірмені ала алмадыңыз. Енді Сізге БЖЗҚ кеңсесіне бір рет келіп, өз деректемелеріңізді түзетуге не хабарлау тәсілін өзгертуге кеңес береміз. Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлама алудың бірнеше жолдары бар. Сіз салымшы ретінде өзіңіз үшін ең ыңғайлы тәсілін таңдап ала аласыз. Яғни, бұл салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште не жеке келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына хабарлама жіберу. Ақпарат алудың ең жылдам тәсілі – www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы ақпарат алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен пароліңізді тіркей отырып, Сіз үйіңізден не кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексеріп, жұмыс берушіден түсетін түсімдерді бақылай аласыз. Сондай-ақ мамандарымыз смартфондар мен планшеттерге арнап әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалана аласыз.
20.12.2016
Аудан әкімі Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы аудандық перзентханада болды

Бүгін аудан әкімі Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы аудандық перзенханаға барып , 16 – желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күні туылған бүлдіршіндердің аналарын құттықтап, сәбилерге сыйлық тарту етті. Айтулы мереке күні аудан халқының қатары Бауыржан Кәусар Жәнібекқызы есімді болашақ аяулы арумен және Қуаныш Омар Қалыбекұлы есімді болашақ қамшы ұстар жігітпен толықты. Сәбилердің дені сау болып туылды.
16.12.2016
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн. теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жинақтары 737,4 млрд. теңгеге көбейді.
2016 жылы 10 ай ішінде түскен зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 566 млрд. теңге болды. Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтару жүзеге асырылуда. 2016 жылы 10 ай ішінде мұндай қайтарымдардың жалпы сомасы шамамен 146 млрд. теңге болды.
2016 жылы 10 айы бойы салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген инвестициялық табыстың таза сомасы 457,7 млрд. теңге болды.
2016 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 6,2% құнсыздану кезінде 7,7% болды.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы 2016 жылы 10 айы бойы 142,6 млрд. теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар 16,9 млрд. теңгені құрады.
Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,07 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 415 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мың болды.
16.12.2016
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

БЖЗҚ enpf.kz сайты мен әлеуемттік желілердегі Қордың ресми сайттарының оқырмандары мен кірушілері жиі қоятын сұрақтарға жауап береді.
1. Мен әлі жаспын, ешқандай зейнетақы аударымдарым да жоқ. Болашақ зейнетақымның жақсы болуы үшін қазір не істеуім керек?
2018 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға байланысты болады.
Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса не мүлдем болмаса, мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) шамасының 50%-на тең болады, оның мөлшері он жылдан артық зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғаяды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТК шамасының 100%-нан аспайды.
Бүгінгі таңдағы зейнетақының жинақтаушы бөлігі:
- 10% қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары (бұл біз 1998 жылдан
бастап ай сайын өз жалақымыздан 10% аудара отырып, жинап келе жатқан сома);
- 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл еңбек жағдайлары зиянды (аса
зиянды) қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан төлейтін агент (жұмыс беруші) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап аударатын - қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшеріндегі сома) ;
- ерікті зейнетақы жарналары.
14.12.2016
Шұбарқұдық кентіндегі наубайхана-кулинария құрылысының ашылу салтанаты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шұбарқұдық кентіндегі жеке кәсіпкер Мұстафина Гүлнұрдің наубайхана-кулинария құрылысының ашылу салтанатына арнайы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексары қатысты.
14.12.2016
Темір ауданының әкімі Асқар Қазиханұлы Жүсібалиевтің 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан тұрғындарына арнаған құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Сіздерді ғасырлар бойы халқымыздың асыл мұраты – азаттығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміз тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгілі болды.
Бұл күні біз егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру үшін тарихи таңдау жасадық.
Бұл - өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы еді.
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Ұлы мұрат жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан бағалай білуге тиіспіз.
14.12.2016
«Әділ» шаруа қожалығның ашылу салтанаты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданымызда жаңадан «Әділ» шаруа қожалығы көкөніс сақтайтын қоймасы бой көтерді. Көкөніс сақтайтын қойманың сыйымдылығы - 200 тонна. Ашылу салтанатына арнайы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексары қатысты.

Беттер