Жаңалықтар

23.07.2013
Тұрғындар назарына!

Темір ауданы әкімі жанындағы жасы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі-комиссия) жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың және қатыгез қараудың алдын алу мәселесі бойынша 2013 жылдың 26 шілдесі және 30 шілдесі күндері сағ. 10.00-12.00 аралығында қоғамдық қабылдау өткізеді.
22.07.2013
Жергілікті әкімдер сайлауы қарсаңындабилікке лайықтылар келеді

Қашанда елі мен ұлтының қамын қоса ойлап жүретін кемеңгер Елбасымыз мемлекеттік реформалар негізінде «А» корпусына талапкерлерді бүгінгі заманның басқару тетіктерін толық меңгерген меритоқраттарды билікке әкелу мақсатында тестілеу жүйесін енгізіп, кадрлар резервін жасақтады. Меритократия сөзі-лайықтылардың билігі деген мағына береді. (Халықаралық бұл терминнің сөзбе-сөз аудармасы дарындылардың билігі) Осы кезден бастап, тестілеуден жақсы өтіп, мемлекеттік сарапшылармен әңгімелесуде аз қабілеті мен білімін анық көрсете білген, қоғам өкілдерінің оң баға алған мыңнан бір, жүзден тұлпар болса білгендер ғана мемлекеттік қызметке келетін болды. Алды бүгінде лауазымды қызметке ие болуда.
19.07.2013
Жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің әкімі лауазымына үміткерлерді ұсынуға байланысты аудан әкімі Бауыржан Нұралыұлы Қаниев округтерді аралап жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесті.
Кездесу әдеттегідей Қайыңды, Алтықарасу ауылдық округтерінен басталды.
Аудан әкімі жергілікті жерден қатынасқан тұрғындар өкілдеріне жергілікті әкімдерді сайлаудың жәй-жапсарын түсіндірді. Ұсынылған үміткерлерді таныстырып, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі туралы ауданда, әр округте атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша шолу жасап өтті.
18.07.2013
Нөлдік шыдамсыздықты қалыптастыру жұмысы

Жылдағы дәстүр бойынша Елбасымыздың халыққа Жолдауында айтылғандай 2050 стратегиясында Ішкі Істер органдарына елбасымыз Н.Назарбаев Ішкі Істер министрлігіне қоғамдық тыныштықты бұзу мен азаматтардың өмір сапасына әсер ететін ұсақ құқықбұзушылықтың алдын-алуға байланысты «Нөлдік шыдамсыздықты» қалыптастыру тиіс екенін атап көрсетті. Бұл жұмысты жүргізудегі мақсат - ауданымыздағы қоғамдық орындарды, саябақтарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық шығындарды шығарған азаматтар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 330 бабымен және 387 баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын айтып түсіндіру. Н.Назарбаевтың «Нөлдік шыдамсыздықты» қалыптастырудағы қойған жұмысына байланысты аудандық Ішкі Істер бөлімі әкімшілік полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 347 бабымен 40 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұлдар салынып, ескертулер берілді.
17.07.2013
Астана күні

Еліміздің бас қаласы, Елордамыз Астана 15 жасқа толды. Бұл мереке тек Астананың емес бүкіл қазақ жұртының мейрамы. Сол себепті аталмыш мейрам республикамыздың түпкір-түпкірінде қала, аудандарында, ауылдарда үлкен көлемде тойланып жатыр. Сарыарқаның сары даласына орналасқан бұл қала 15 жылдың ішінде кішкентай провинциялық қаладан алып Астанаға айналып, танымастай өзгеріп, зәулім ғимараттарымен ХХІ ғасырдың ең сұлу қалаларының біріне айналды. Еліміз үшін мәні мен маңызы үлкен бұл мерекені біздің аудан тұрғындары да кең көлемде тойлап өтті. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы орталық саябақта «Жайнай бер, мәңгі Астана» атты үлкен концерттік бағдарлама өткізді. Астана күніне арналған бұл тойға ауыл ағалары, мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Алдымен сөз алған кент әкімі Ізбасов Боран Оңғарұлы:
16.07.2013
Үлгілі ұландар

Наурыз айының басында еркін күрестен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Шымкент қаласындағы дүбірлі додада жерлесіміз, еркін күрестен спорт шебері Бакеев Амандық қатысқан болатын. 66 кг салмақта белдескен Амандық алғашқы айналымда Қазақстан чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Жұмағазиев Дәуренді ұтса, екінші кезеңде Қазақстанның чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының жүлдегері Жакупов Саматты айқын басымдықпен жеңіп жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Үшінші кездесуінде Ақтөбелік спорт шебері Қалбағаев Мәдиден айласын асыра білді. Ақтық сайысқа берілетін жолдаманы спорт шебері Сақаев Азатпен сарапқа салып, нәтижесінде жолдаманы қанжығасына байлады. Ақтық айқасқа боз кілем төрінде Шымкенттік спорт шебері Омаров Саматпен белдесіп, айқын басымдық танытты. Сөйтіп, толассыз еңбектің арқасында темірлік өрен ересектер арасындағы чемпион атанды.
15.07.2013
Азаматтарға тегін білікті заң көмегін алу бойыншатүсіндірме

ҚР азаматы ретінде Сіз қандай құқықтар мен бостандықтарға құқылысыз?
1995 жылдың 30 тамызындағы Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Сіздің азаматтық құқықтарыңызды, бостандықтарыңызды қорғайтын басты кепіл болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
12.07.2013
Түрлі салаларда тиімді аймақаралық байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылуда

ҚазАқпараттың хабарлауынша - Бүгін Өскеменде ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары аймақаралық интеграциясының форумы өтті.
Шараға қатысушылар - орталық және жергілікті билік органдарының, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындардың жетекшілерімен, кәсіпкерлік ортаның, сарапшылар қоғамының өкілдері - алдында сөз сөйлеген С. Ахметов Елбасының «Қазақстан 2050 стратегиясында» жүктеген өңірлерді интеграциялау міндетін орындау барысында Форумның маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстанның Кедендік Одақ және алдағы ДСҰ-ға кіруі жағдайында аймақтық интеграция мәселелері алдыңғы қатарға шығады», - деген Үкімет басшысы форумның маңыздылығын «аймақтардың белсенді өзара іс-қимылының бастау алаңы, өзара тиімді шарттар мен уағдаластықтарды жасауға жаңа мүмкіндіктер» ретінде қарастыру керектігін атап өтті.
11.07.2013
Қазақстанда өткен 6 айда ана өлімі 15,1 пайызға төмендеді - Денсаулық сақтау министрлігі

ҚазАқпараттың хабарлауынша - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитетінің хабарлауынша, республикада 2013 жылғы 6 айда ана өлім-жітімі көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,1% төмендегені байқалады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
Аталған мерзім ішінде ана өлім-жітімі басқа өңірлерге қарағанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында көбірек орын алған. Барлық жағдайлар бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті тәуелсіз сарапшыларды, республикалық ғылыми орталықтардың мамандарын тарта отырып, сараптама жүргізді. Оңтүстік өңірлердегі жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі екі мәрте ана өлім-жітімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөнінде штаб құрып, босану қызметін тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін медициналық ұйымдардың жетекшілеріне қатысты қатаң шаралар қабылдады.
10.07.2013
Облыстықонлайн семинар-тренинг өтті

Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан жас ұрпақты сусындатып, олардың рухани дүниесіне молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың алар орны орасан зор.
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында 14 маусым күні Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханалардағы көпшілік және көрнекілік жұмыс» атты облыстық семинар-тренинг өтті.
05.07.2013
Шығармашылық еңбегіңізді қорғаңыз!

Еліміз егеменді ел болып қалыптасқалы бері біраз мәселелер алға қойылды. Соның ішінде тоқталатынымыз мәселе-рухани азық жайы болмақ. Қазақ халқы ежелден шығармашылық жетістіктерге бай халық. Оған мысал келтіріп жатудың да қажеттілігі туындай қоймас.
Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ата Заңымызда «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған. Қазіргі таңда барлық қатынастардың заң нормаларымен реттелуіне мойын бұрған шақ. Осы авторлық құқық мәселесі де заң нормаларына өзіндік орнын алды. Оның дәлелі ретінде, 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды.
04.07.2013
Тарихқа қосылған үлес

Қадірлі жерлестер, Мен Беркінмен 90 жылдарда танысып едім, 1995 жылы Батыр қызымыз Әлия Молдағұлованың 70 жылдығын, ел болып, халық болып дүбірлетіп тойлатып өткіздік. Ол жылдары мен республиканың депутаты едім. Сол той кезінде Беркін халыққа қызмет жасап жүрді. Сол кезде үлкен Еркін ағамыз облыстық мәдениет басқармасын, ал Беркін Қобда ауданының оқу бөлімін басқарды. Әлия Молдағұлованың 70 жылдығына арналған театрландырылған тамаша көрініс, көңілді концерт, ақындар айтысы, салтанатты жиын, Ә.Молдағұлованың ескерткішін ашу, Әлия ауылын көріктендіру, жолды жөндеу, музей, мәдениет үйін, мектепті мерекеге дайындау, көптеген атақты қонақтарды күтіп алу т.б. сияқты көлемді шаруалардың бәрі облыспен, ауданның Беркін сияқты іскер, жауапкершілігі жоғары азамат басшылардың тиянақты істерінің нәтижесі арқасында жүзеге асқаны белгілі.
02.07.2013
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды халықаралық асырап алу рәсімі

Қазақстан Республикасының қолданыстағы бала асырап алу рәсіміне сәйкес, Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер шетел азаматтары, ҚР уәкілетті қамқоршы және қорғаншылық органдарына біздің елдің дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы өтініш білдіреді және келесі қажетті құжаттарды ұсынады:
01.07.2013
Ардагерлерімізді ардақтайық

Бектілеуов Майлыбай соғыс және еңбек ардагері. Кеңесту округінің жерінде, Әшекенау деген жерде 1915 жылы дүниеге келген. Сол жерде еккен жолы бар, оны әлі күнге дейін Майлыбай жолы деп атайды.
Мәкең кешегі Ұлы Отан соғысына қатысып ел намысын, Отанын неміс фашист басқыншыларынан қорғаған азамат. Соғыстағы ерлігі үшін Кеңес одағының үш жауынгерлік ордері және 11 медалімен марапатталған. Украйна астанасы Киевтің құрметті азаматы.
28.06.2013
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталамакуәліктер беру тәртібі

Қазақстан Республикасының «Неке /ерлі-зайыптылық/ және отбасы туралы» Кодексінің 178 бабына сәйкес және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер 28.02.2012 жылы №99 ҚР Әділет Министрлігінің бұйрығымен бекітілген «ҚР Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы» Ережесінің (әрі қарай - Ереже) 130 тармағына сәйкес, актілердің және метрикалық кітаптардың негізінде АХАЖ органдары мен қайталама куәліктер, анықтамалар тек қана азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазба кімдерге қатысты жасалса, сол адамдарға қайтадан беріледі немесе нотариалдық куәландырылған сенім хат арқылы беріледі. Он алты жасқа дейінгі балалардың тууы туралы қайта берілген куәліктері қайтадан ата-аналарына, қорғаншыларына, бала (қыз) асырап алушыларға, қамқоршыларына және сол балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі. Ерекше жағдайларда, жеке басын куәландыратын құжат алмаған 16 жастан асқан, бiрақ 18 жасқа толмаған балаларға ата-аналарының бiреуiнiң не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайтадан куәлiктер берiледi.

Беттер