Жаңалықтар

23.02.2017
Құрметті Темір ауданының тұрғындары 2017-жылы 2-наурыз күні аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің тұрғындарды қабылдауы өтетіндігін хабарлаймыз!

23.02.2017
БЖЗҚ

Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенін еске саламыз) электрондық хабарлау тәсілін таңдаған, олардың ішінде 2,4 млн. адам Қордың корпоративтік сайты немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жетті.
2017 жылғы 1 қаңтарда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзінді көшірме берілген.
Бұл ретте салымшы (алушы) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілдерінің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:
22.02.2017
Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Н.Нүкенов Темір ауданында іс-сапармен болды

2017 жылдың 22-ші ақпаны күні Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Н.Нүкенов Темір ауданында іс-сапармен болды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Шұбарқұдық айналым депосы жұмысшыларымен, Темір аудандық прокуратурасының мәжіліс залында аудан жастарымен, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен сондай,ақ Қопа ауылының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кезедесуге Темір ауданы әкімінің орынбасары Ж.Н.Қалмағанбетов, Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құлдыбаев Руслан Сидағұлұлы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұқан Сәбит Сабырұлы қатысты.
20.02.2017
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жұмыстары

2017 жылдың 20-шы ақпан күні Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатындағы аудандық ақпараттық -түсіндіру тобының мүшелері «Нұр Отан» партиясының Темір аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұрағалиев, аудандық ТЖБ-нің бастығы, азаматтық қорғау майоры А.Жанабергеновтер Алтықарасу ауылдық округінде болды. Кездесуде алдымен ауыл әкімі М.Шуиншалин күн тәртібіндегі мәселеге қысқаша тоқталып өтті, «Нұр Отан» партиясының Темір аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті Қазақстан халқына жолдаған жолдауын кең көлемде түсіндіріп өтті. Жиынға келген ауыл тұрғындары атынан ауыл ақсақалы Жалғасбаев Қайырбай Елбасының жолдауына қолдау білдіріп, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобына елге келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғысын білдірді.
15.02.2017
БЗЖҚ

2017 жылы БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібі мен мөлшері туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне:
- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толған, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толған, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толған, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толған, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толған әйелдердің);
- егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.
14.02.2017
Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатындағы ақпараттық түсіндіру тобы Қайынды ауылында болды

2017-ші жылдың 14 ақпанында Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатындағы ақпараттық түсіндіру тобы Қайынды ауылында болды.Топ мүшелері: Облыстық Дін істер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құлдыбаев Руслан Седағұлұлы,Облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Оразаев Бауыржан Бибиталиевич,Облыс бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Кожиков Ерболат Селбаевич және Темір Аудандық ішкі-саясат бөлімінің басшысы Махамбетов Қайырбай Нұртасұлы Қайынды ауылының тұрғындарымен кездесіп,Елбасы жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарына толық түсініктер берілді.
13.02.2017
Құрметті Темір ауданының тұрғындары 2017-жылы 20-ақпан күні аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің тұрғындарды қабылдауы өтетіндігін хабарлаймыз!

10.02.2017
Темір ауданының әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Темір ауданының әкімі Асқар Жүсібалиевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжіліске аудандық мәслихат депутаттары, қала және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Кеңейтілген мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Марат Мұңайтбасов аудандағы бюджеттік саясат, қаржы игеру, инвестиция, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салалары бойынша есеп берсе, аудан әкімінің орынбасары Жолдас Қалмағанбетов әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау мен жұмыспен қамту салаларында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларын жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Болат Шаимов жылыту маусымының барысы, жолды қардан тазарту, құрылыс және тұрғын үй саласы бойынша жасалған жұмыстарды айтып, алдағы міндеттерімен бөлісті.
09.02.2017
Құрметті Темір ауданының тұрғындары 2017-жылы 16-ақпан күні аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің тұрғындарды қабылдауы өтетіндігін хабарлаймыз!

09.02.2017
ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың 2017 жылғы халыққа есеп беру кездесуіне байланысты тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау үшін арнайы жәшіктердің орналасқан орындары туралы ақпарат
Орналасқан жері Мекен-жайы
1
«Алтықарасу ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимараты Алтықарасу ауылы
2
«Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыАқсай ауылы
3
«Қайыңды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыҚұмқұдық ауылы
4
«Кеңестуы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыҚопа ауылы
5
«Кеңқияқ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыКеңқияқ ауылы, Парк 8
6
«Саркөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыСаркөл ауылы
7
«Тасқопа ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыТасқопа ауылы
8
«Темір қаласы әкімі аппараты» ММ ғимаратыТемір қаласы, Әбілқайыр хан 13
9
«Шұбарши ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыШұбарши ауылы, Геолог 25
10
«Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыШұбарқұдық кенті, Асау Барақ 6
11
Шығырлы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратыШығырлы ауылы
«Темір ауданы әкімі аппараты» ММ
08.02.2017
БЖЗҚ

Зейнет жасына таяп қалған адамдарды, сондай ақ, зейнетке шыққан зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз.
Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?
Белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда);
06.02.2017
ҒАЛАМТОР ҰСТАЗДЫҢ ОРНЫН БАСА АЛМАЙДЫ...

ҒАЛАМТОР ҰСТАЗДЫҢ ОРНЫН БАСА АЛМАЙДЫ...
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
03.02.2017
Тағымов Марат Мырзағалиұлы Темір ауданында болды

2017 жылдың 3 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарын насихаттау мақсатында аудан активі өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Тағымов Марат Мырзағалиұлы, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, ауыл ақсақалдары, жастар қатысты.
01.02.2017
Аудан әкімі қорытынды есеп берді

Темір ауданының әкімі Асқар Жүсібалиевтің аудан орталығында өткен халыққа қорытынды есеп беру кездесуіне Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Сондай-ақ, аудандық мекеме, кәсіпорын басшылары, депутаттар, қала және ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиев кездесуде Елбасы Жолдауы мен Үндеуіне тоқталып, ҚР Үкіметінің актілерінің, облыс әкімінің тапсырмаларының тиянақты орындалуы туралы баяндады. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, ауданда 2016 жылы атқарылған жұмыстар мен жалпы ахуал жөнінде ақпарат берді. Үстіміздегі жылға белгіленген жоспарларға қысқаша тоқталды.
Баяндамадан соң, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар бойынша тоқталып, тұрғындардың сұрақтарында көтерілген мәселелерге нақты жауап берді.
25.01.2017
Облыс әкімінің орынбасары Ақсайда болды

Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев «Темір ауданының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2017 жылға арналған міндеттері туралы» Ақсай ауылының тұрғындарына есеп берді.
Халықпен есепті кездесуге облыс әкімінің орынбасары Асқар Тұрарұлы Шериязданов қатысты. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары А.Т.Шериязданов ақсайлықтарға облыс бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, Ақсай ауылдық округінің әкімі Е.Бегимов өткен жылды қорытындылап, тұрғындармен алдағы міндеттерімен бөлісті.

Беттер