Жаңалықтар

13.04.2017
Құрметті Темір ауданының тұрғындары 2017-жылы 20-сәуір күні аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің тұрғындарды қабылдауы өтетіндігін хабарлаймыз!

12.04.2017
Ершат ОҢҒАРОВ: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҰЯДА БЕРІЛЕДІ.

Ершат ОҢҒАРОВ: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҰЯДА БЕРІЛЕДІ.
Халық даналығында «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық» деген мағынасы терең нақыл бар. Ой-санасы бүтін əрбір жан əуелі Алланың қалауымен ананың құрсағында жаратылғандықтан, анаға ерекше құрмет көрсетеді. Əкенің батасы, ананың ризалығынсыз ешкім де қия басып, қарекет қылмайды. Ана – ардақты да асыл ұғым.
11.04.2017
Алтыншы топ өкілдері ауданда болды

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы облыстан келген жұмысшы топтың 6 бағыт өкілдері сәуірдің 11 күні ауданға келіп, аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті.
Жиында топтың құрамын бастап келген облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Жақсығалиев Қаныбек Сисенғалиұлы «Террористік актілер қауіптілігіне дайындық» жоспарына сай видеороликтер көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ мәдениет үйіне жиналған қауымның барлығына «Террористік актілер қауіптілігіне дайындық» мақсатында жасалған жаднамаларды таратылды.
Ауданға іс сапарымен келген 6 бағыт өкілдері оқу тәжірибелік жаттығулар, комиссиялық тексерулер мен семинар тренингтерді қосқанда ауданда барлығы 11 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
07.04.2017
Ардагерлермен өткен жиын

Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев өткен жұмада аудан ардагерлерімен кездесті.
Аудан басшысымен өткен кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Өтепов және ауылдың беделді ақсақалдары мен өзге де округтердегі ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.
Ауыл ақсақалдары тарапынан ауыл шаруашылығы саласы бойынша берілетін несиелер туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мектеп оқушыларының киім үлгілері, ауыл ішіндегі жол, жарықтандыру және т.б. өзекті мәселелер талқыланды.
07.04.2017
Аудан әкімі аурухана қызметкерлерімен кездесті

Аудан әкімі аурухана қызметкерлерімен кездесті
7 сәуір – халықаралық денсаулық сақтау күні. Аталмыш мереке қарсаңында аудан әкімі А.Қ. Жүсібалиев денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу аудандық орталық аурухана ғимаратында өтті. Жиында осы саланың жетістіктері мен кемшіліктері ашық айтылып, денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Соңғы жылдары ауданымызда қатерлі ісік, туберкулез сынды аурулар мен өлім көрсеткішінің азаймай отырғандығын сынға алған аудан басшысы Асқар Жүсібалиев аудандық оралық аурухананың бас дәрігері Есентемір Демегеновке мәселенің алдын алу шараларын қарастыруды тапсырды.
Жиын барысында Асқар Жүсібалиев биылғы және келер жылғы аудан көлемінде атқарылатын іс шараларға тоқталып, бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отырған орталық ауруханаға барар жолдың жөнделетіндігін жеткізіп, аурухана қызметкерлерін қуантты.
06.04.2017
Алқа мәжілісі өтті

Темір ауданы әкімдігінде аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің төрағалығымен алқа отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралса, оның алғашқысы 2016 жылғы азаматтарды әскерге шақыру жұмысының қорытындысы және 2017 жылғы көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы болса, екіншісі Шұбарқұдық ауылдық округі бойынша сенбіліктердің ұйымдастырылуын қарау жөнінде болды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы С.Құсмамбетовтің баяндамасынан кейін аудан басшысы Асқар Жүсібалиев қорғаныс істер бөлімінің басшысына аудан бойынша азаматтардың әскерге баруы тым аз екендігін баса айтып, алдағы уақытта осы тұрғыда жұмыстардың қолға алынуын тапсырды.
Одан соң ауылдың санитарлық тазалығы жөнінде баяндаған аудан әкімі орынбасары Б.Шаимовтың сөзіне қарағанда барлық мекеме басшылары ауыл көшелерінің санитарлық тазалығына, көшелерлерге жауапты болып, бекітілді.
Алдағы уақытта ауыл ішіндегі көшелерге көшет отырғызу жұмыстары қолға алынып, әр сенбі сайын сенбіліктердің ұйымдастырылуы қатаң түрде қадағаланбақ.
06.04.2017
БЖЗҚ

1. Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бере ала ма?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенімді қорғалған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау Қағидалары бекітілген.
Бұл Қағидалар зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу тәртібін айқындайды.
Қағидалардың 2 тармағына сәйкес айырма төлемі - зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.
Барлық қажетті құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тапсырылған соң, мамандар жеке зейнетақы шотындағы жинақтар сомасының инфляцияны ескере отырып, келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жұмысын жүргізеді.
Мемлекет зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғалардың барлығына айырма сомасын төлейді. Зейнеткерлікке шығу негізіне (жасына немесе мүгедектігіне байланысты) байланысты шектеулер қарастырылмаған.
05.04.2017
Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы.

Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті
кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар
жоспарының орындалу барысы.
05.04.2017
Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы

Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті
кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар
жоспарының орындалу барысы
05.04.2017
2017 жылғы халыққа есепті кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы

Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті
кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар
жоспарының орындалу барысы
05.04.2017
Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы

Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті
кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар
жоспарының орындалу барысы
05.04.2017
Аудан әкімі Кеңқияқ өңірінде болды

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде аудан әкімі Асқар Жүсібалиев Кеңқияқ ауылында болып, Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлерді таныстыру мақсатында жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесті.
Кеңқияқ ауылдық округінің лауазымына үміткерлердің қатарында сол ауылдың басшысының міндетін уақытша атқарып жүрген Сүтемген Аян Мағауияұлы, Алтықарасу ауылдық округінің әкімі Шүйіншалин Мәди Жақсылықұлы және Мұғалжар ауданына қарасты Еңбек ауылын басқарған Қабақбаев Баубек Аманғалиұлы сынды азаматтар бар.
Жиын барысында қоғамдастық мүшелері аудан басшысына ауыл әкімі лауазымына үміткерлердің кандидатурасына байланысты өз ұсыныстарын білдіргендер де болды.
Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев округтегі мектеп, ауылдық аурухана және бұрынғы мектеп ғимаратының 250 орындық балабақшаға лайықтап жасақтау (реконструкция) құрылысының жұмыс барысымен танысты. Балабақша жасақтау жұмысын ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында аяқтау жоспарлануда.
04.04.2017
Құрметті Темір ауданының тұрғындары 2017-жылы 11-сәуір күні аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің тұрғындарды қабылдауы өтетіндігін хабарлаймыз!

31.03.2017
Құрметті Темір ауданының тұрғындары 2017-жылы 7-сәуір күні аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің тұрғындарды қабылдауы өтетіндігін хабарлаймыз!

28.03.2017
Хабарландыру

Аудан әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес жұмыс тобының
2017 жылдың ІІ тоқсанына арналған Темір ауданында
азаматтардың өтініштерін қарау, түсіндіру және шешу жөніндегі
қоғамдық қабылдаудың жұмыс кестесі
Қабылдау күні
Қабылдау уақыты
Қабылдау өтетін орын
Сәуір
08.04.2017
22.04.2017
10:00 – 12:00
10:00 – 12:00
Аудандық мәдениет үйі
«Нұр Отан» Темір аудандық филиалы
Мамыр
06.05.2017
20.05.2017
10:00 – 12:00
10:00 – 12:00
Аудандық мәдениет үйі
«Нұр Отан» Темір аудандық филиалы
Маусым
03.06.2017
17.06.2017
10:00 – 12:00
10:00 – 12:00
Аудандық мәдениет үйі
«Нұр Отан» Темір аудандық филиалы

Беттер